NoFake

«10 млн теңгемді аудара жаздадым»: Шымкент тұрғыны алаяқтардың айласын айтып берді

Фото: polisia.kz

Шымкент тұрғыны өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқтардың арбауына түсіп, шотындағы 10 млн теңгені «қауіпсіз шотқа» аудара жаздағанын айтты, деп хабарлайды NoFake.kz.

Ақшаны аударуға санаулы сәт қалғанда киберполиция қызметкерлері әйелмен байланысып, алаяқтықтың алдын алды. Белгісіз адамдар әйелге қоңырау шалып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырған.

«Олар ақшаны “қауіпсіз шотқа” аудару қажет екенін айтып, нұсқауларын орындауға көндірді. Кейін WhatsApp арқылы байланысын жалғастырып, маған психологиялық қысым көрсетті және ақшаны аударуға итермеледі», – деді келіншек.

Осы уақытта мамандандырылған колл-орталық арқылы киберполицейлер күмәнді қоңырауды анықтаған. Қызметкерлер тұрғынның мекенжайына жедел барып, оның алаяқтармен байланысын тоқтатты. Нәтижесінде әйелдің шотындағы 10 млн теңге сақталып қалды. Полиция банк пен құқық қорғау органдарының қызметкерлері телефон арқылы карта деректерін, SMS-кодтарды және басқа да құпия мәліметтерді сұрамайтынын ескертеді.

Оқу үшін