ҚазМұнайГаз Лукойл үлесін сатып алады — жалған

Фото: www.kmg.kz
Әлеуметтік желілер мен кейбір медиада «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ «Қарашығанақ» жобасындағы ЛУКОЙЛ компаниясының үлесін сатып алуы мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды nofake.kz/.

ҚазМұнайГаз баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Компания ресейлік ЛУКОЙЛ-дың үлесін сатып алмайды.
«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары «ҚазМұнайГаз» компаниясы «Қарағашығанақ» жобасындағы ЛУКОЙЛ-дың үлесін сатып алуы мүмкін деген хабар тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалпы, ҚМГ серіктестерімен бірлесіп, «Қарашығанақ» жобасына санкциялық шектеулердің ықпалына қатысты тұрақты әрі кешенді талдау жүргізуде», — деп мәлімдеді ҚазМұнайГаз баспасөз қызметі.


