NoFake

Полиция бекеті маңындағы қасқырлардың видеосы — жалған

FAKE

Коллаж : nofake.kz/

Әлеуметтік желіде боранды күні жол полициясы бекеті жанынан бір топ қасқыр жүгіріп өткен видео тарады.  nofake.kz/ аталған видеоның қаншалықты рас екенін анықтап көрді. 

Видеоға пікір қосқан жұрт оны ЖИ көмегімен жасалған деп жазып жатыр. Шындық пен жалғанды ажырата алмай қалдық деп алаңдаушылық білдіргендер де бар.

Кооомментарии

Бұл қандай видео екенін білу үшін ІІМ-не хабарластық. Ведомство өкілдері «ЖИ көмегімен жасалған видео болуы мүмкін» деп жауап берді.  

Біз де видеоның жалғанын екенін дәлелдейтін бірнеше белгіге мән бердік.

Біріншіден, полицейлердің қимыл-қозғалысы жалған. Олар есікке бұрылып емес, сол тұрған қалпында кіреді. 

1 (1)

Екіншіден, желіде видеоның бірнеше нұсқасы таралған. Олардың бірінде қасқырлар қарама-қарсы беттен келе жатса, енді бірінде керісінше бағытта жүгіруде. 

3

Үшіншіден, полицейлердің көлігінде оның тәртіп сақшыларына тиесілі екенін айғақтайтын сыртқы белгілер байқалмайды және Қазақстан полициясы қызметтік көлігінің маркасына сәйкес келмейтіні көрініп тұр.

2

Төртіншіден, видеода камераның қозғалғанын аңғаруға болады. Сонымен қатар, арнайы құралдар арқылы роликтің түпнұсқасын іздедік, табылмады.

Мұндай видеоны нейрожелілердің көмегімен тез әрі жылдам дайындауға болады.

Оқу үшін