NoFake

«Қорғаста» жүк көліктері кептелісте тұрған жоқ — Мемлекеттік кірістер комитеті

6440c0934f97f156042550.png

Фото: Gov.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті «Қорғас» халықаралық бекетінде жүк көліктері шекарадан өте алмай, жиналып тұр деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды nofake.kz/.

Әлеуметтік желілерде Алматы – Қорғас тас жолында жүк көліктері ұзын-сонар кезекте тұр, ал полиция қызметкерлері ешқандай шара қолданбай жатыр деген видежазба тарады.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қорғас аумағында жүк көліктері кезек күтіп тұрған жоқ. Алайда Қазақстан мен Қытай шекарасында көлік қозғалысының уақытша кідірісі расымен байқалған. Ведомствоның айтуынша, бұл жағдай Қазақстанға емес, көрші ел аумағындағы техникалық және ұйымдастыру жұмыстарына байланысты.

«Қорғаста көлік кептелісі жоқ. Бірақ Қытаймен шекарада «Нұр жолы» өткізу пункті алдында жүк көліктері уақытша жиналған. Өйткені Қытай шекарадан аз көлік өткізген. Сонымен қатар ҚХР-дың «Дулаты» өткізу пунктіндегі (Кәлжаттың қарсы беті) монтаждау жұмыстарына байланысты көліктердің бір бөлігі «Нұр жолы» арқылы өтті», – делінген ведомство хабарламасында.

13 қарашадан бастап жағдай электронды кезек жүйесі арқылы реттеліп, өткізу операциясы қалыпқа келді. Меморганның мәліметінше, қазір жағдай тұрақты. Шекара маңында әлеуметтік шиеленіс жоқ. Жағдай Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылауында.

Оқу үшін