NoFake

Автолизинг бағдарламасы халыққа несімен тиімді: түсіндіреміз

Снимок экрана 2025 11 14 в 17.10.56

Фото: freepik.com

Қазақстанда желтоқсаннан жеке тұлғалар лизингпен көлік ала алады. Десе де көпшілік бұл бағдарлама қарапайым ел тұрғындарына несімен тиімді екенін әлі біле бермейді. nofake.kz/. мәселенің мән-жайын анықтап көрді. 

Қазақстандықтар үкіметтің автокөлікті лизингке беру бағдарламасын қызу талқылап жатыр. Әлеуметтік желіде «Бұл қандай бағдарлама?», «Бастапқы жарнасы қанша болады?», «Лизинге алған көлікті орнына қойып, оның орнына жаңасын алуға бола ма?» деген сауалдардан көз сүрінеді. 

Комм

Мәжіліс депутаты Олжас Құсбековтың айтуынша, автолизинг — бұл азаматтарға жаңа көлікті жеңілдетілген шарттармен пайдалануға мүмкіндік беретін жоба. Жоба бойынша азаматтар көлікті бірден сатып ала алмайды. Олар темір тұлпарды лизинг компаниясы арқылы жалға алып, кейін толық төлем жасалған соң ғана өз атына аудара алады. 

«Бағдарламаның негізгі мақсаты да сол – халыққа көлікті қолжетімді ету және отандық автонарықты қолдау көрсету. Бұл жоба, әсіресе, бастапқы жарнаны жинай алмай жүрген азаматтарға тиімді болады. Бағдарлама іске қосылғаннан кейін, жаңа көліктерге деген сұраныс артуы тиіс», — дейді ол. 

Депутат ел арасында тараған «Бағдарламаның пайыздық мөлшерлемесі көп болады», «Тағы да көзбояушылық» деген пікірді де жоққа шығарды. 

Комм2

«Мұндай пікірлер көп. Бірақ ол қате түсінік. Мәселен, егер лизинг бастапқы жарнамен және жоғары пайызбен берілсе, бұл сол бұрынғы автонесиенің жаңа атауы ғана болмай ма? Бұл жерде ешқандай жаңа реформа болмайтын еді.  Ал, лизингте керісінше — азаматтарға автонесиесіз, бастапқы жарнасыз және әділ пайыздық мөлшерлемемен көлікті ұзақ мерзімге алу мүмкіндігі беріліп отыр. Сонымен бірге олар сақтандыру, техникалық байқау, қызмет көрсету сияқты ай сайынғы шығындарды да өз мойнына алмайды.  Қазір әрине бағдарламаның нақты ережелері әлі жарияланбады. Бірақ меніңше лизинг халыққа көлік алуды қолжетімді етеді. Яғни оның шарттары ашық, әділ әрі қолжетімді болуы керек. Біз қазір осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз», — деп түсіндірді ол.

Сонымен бірге көпшілік лизингті қазіргі автонесие бағдарламасымен шатастырып жатыр. Автосарапшы Әлішер Асабекұлы лизингпен көлік алудың артықшылықтары мен кемшіліктерін, оның автонесиемен көлік тізгіндеу бағдарламасынан басты айырмашылықтарын тізіп берді. 

Біріншіден.  Азаматтарға көлікті бастапқы жарнасыз, ұзақ мерзімге, жалға алу мүмкіндігі бар.

Екіншіден.  Лизингпен көлік алу бағдарламасында пайыздық мөлшерлеме банкпен бірдей болады деген болжам бар. Себебі, лизинг ұсынатын компания көлікке қатысты шығындардың барлығын өз мойнына алғандықтан, олардың шығынын да өтеу керек көп болады. 

Үшіншіден. Тиімді тұстары – алғашқы жарна қажет емес; несие тарихы таза, «қара тізімге» енбеген азаматтар көлік рәсімдей алады; 2,5,7 жылға беріледі деген болжам бар; жалға алу мерзімі біткеннен кейін, лизинг берген компаниямен екіжақты келісімшартты қарап, көліктің басқа түрін немесе кейін қалған құнын төлеп, оны өз атына шығару мүмкіндігі бар. 

Министрлік не дейді

Көлікті лизингпен жалға беру тетіктері туралы құзырлы ведомство өкілдері де пікір білдірді. 

«Бұл бағдарлама бойынша пайыздық мөлшерлеме, мерзімі, яғни тетіктері нақтыланған жоқ. Бағдарлама талқыланып жатыр. Ол бойынша Сауда және интеграция министрлігі заңнамаға «жеке тұлғаларға да автолизингті қолдануға мүмкіндік беру» туралы өзгеріс енгізді. Басқа да талаптар Үкіметте талқыланып жатыр. Бағдарлама 2025 жылдың 1 желтоқсанынан іске қосылады деп жоспарланып отыр. Оған дейін өнеркәсіп министрлігі, қаржылық үйымдар сияқты өзге де мемлекеттік органдар бірлесіп, негізгі тетіктерін айқындауы қажет. Сауда министрлігі, өз тарапынан жеке тұлғаларға осы тетіктерді қолданатын шарттарды ғана заң нормасына қосты», — деп жауап берді ведомство өкілдері. 

Оқу үшін