NoFake

CTS жартыжылдық жол жүру абонементі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Фото: Kazpravda.kz / А.Тауекелов

Әлеуметтік желілерде елорда автобустарында жарты жылға арналған жол жүру абонементі сатылып жатыр деген ақпарат тарады. Алайда көлік жүйесін басқару операторы – CTS мұндай карта шығарылмағанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Фото: CTS

«CTS бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және 6 айлық жол жүру картасы шығармайтынын хабарлайды. Күдік тудыратын сілтемелерге өтпеңіз. Тек ресми деректерге сенуді сұраймыз», — делінген хабарламада.

Айлық тариф — бұл жерде шектеу жоқ. Пайдалану мерзімі — сәйкесінше 1-3 ай.
— «Қала» — 7500 ₸;
— «Қала + Қала маңы» — 9 500 ₸;
— «Үш айлық жол жүру. Қала» — 20 000 ₸;
— «Қала + Экспресс» — 10 000 ₸;
— «Қала + Қала маңы + Экспресс» — 13 500 ₸

Елордада қоғамдық көлікпен жүру ақысының қолжетімді тарифтері бар екенін еске саламыз.

Тәуліктік тариф – сапар саны алынған мерзіміне сәйкес шектелмеген. Бірінші валидациядан кейін іске қосылады. Қала ішінде жарамды.
— 1 тәуліктік жол жүру — 500 ₸;
— 3 тәуліктік жол жүру — 1 500 ₸;
— 5 тәуліктік жол жүру — 2 000 ₸;
— 15 тәуліктік жол жүру — 4 000 ₸.

Ауыспалы тариф — әрбір валидациядан кейін 60 минут ішінде 1 рет ауысып отыруға болады. Бұл тариф тек қала ішінде жарамды.
— «Ауысып отыру, 15 сапар» — 2 000 ₸;
— «Ауысып отыру, 30 сапар» — 4 000 ₸.

Тарифтерді арнайы кассадан немесе kaspi мобильді қосымшаcынан сатып ала аласыздар.

Оқу үшін