NoFake

COVID-ке қарсы вакциналар қатерлі ісікке шалдыққан науқас өмірін ұзартады  — жаңа ғылыми зерттеу

Snopes

Ғылыми Nature журналында жарияланған зерттеу нәтижесі мРНҚ-вакциналары рактың кейбір түріне шалдыққандардың өмірін ұзартуға ықпал етуі мүмкін екенін көрсетті, деп хабарлайды nofake.kz/  Snopes сайтына сүйеніп.

Зерттеуге сәйкес, COVID-19-ға қарсы мРНҚ-вакциналар иммундық жүйені көтереді, өкпе мен тері ісігіне (меланома) шалдыққан науқастардың өмірін ұзартуға көмектескен.

Зерттеу туралы

Техастағы М.Д. Андерсон онкологиялық орталығының және Флорида университетінің зерттеушілері 1 мыңнан астам науқастың ауру тарихын талдаған. Бұл науқастар иммундық бақылау нүктелерінің ингибиторлары деп аталатын иммунотерапия түрін қабылдаған. Кейбір пациенттердің иммундық жүйесінде «алдын ала дайындық» болмағандықтан, ИКИ емінің әсері төмен болған.

Зерттеу нәтижесінде COVID-19-ға қарсы мРНҚ-вакцина алған науқастардың иммундық жүйесі жақсарғаны анықталды. Өкпенің қатерлі ісігіне шалдыққан науқастарда өмір сүрудің орташа ұзақтығы  екпе салдырмағандарда – 20,6 ай, вакцина алғандарда – 37,3 ай. Зерттеушілер меланомаға шалдыққандарға қатысты медианалық көрсеткішті есептей алмаған.

Ғалымдардың пікірі

Зерттеушілердің айтуынша, бұл нәтиже мРНҚ-технологиясының қатерлі ісік емінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын көрсетеді.

«Біз кең таралған бір ғана емге назар аудардық, бірақ бұл деректер иммундық жүйені қайта іске қосып, иммунотерапияның тиімділігін арттыратын әмбебап мРНҚ-негізді терапия жасауға негіз бола алады», — делінген мақалада.

Медицина саласы мРНҚ-вакциналарды онкологиялық ауруларды емдеу құралы ретінде көптен бері зерттеп келеді. Жекелеген (әр пациентке жеке дайындалған) мРНҚ-вакциналар тиімді екенін дәлелдегенімен, олар өте қымбат әрі көп уақытты қажет етеді. Ал COVID-19-ға арналған әмбебап мРНҚ-вакцинаның осындай әсер көрсетуі — арзан әрі жылдам қолдануға болатын жаңа шешімнің мүмкін екенін аңғартады.

Ғалымдардың ескертпесі

Басты зерттеуші Адам Гриппин (MD Anderson орталығы) The Washington Post басылымына:

«Бұл деректер өте қызықты, бірақ оларды үшінші фазадағы клиникалық сынақ арқылы растау қажет», — деп мәлімдеді.


COVID-19-ға қарсы мРНҚ-вакциналар тек вирустық ауруға қарсы емес, қатерлі ісікке қарсы күреске көмектесе алатынын көрсетті. Дегенмен, ғалымдар бұл нәтижелерді нақты клиникалық сынақтарда тағы да тексеру керек екенін ескертеді.

Оқу үшін