NoFake

Қазақстанда дипфейк үшін жауапкершілік енгізіледі

Deepfake concept ,Facial tracking, detection and recognition technology, Security system. Cyber security and Security password login online concept.

Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Мәжіліс мінберінде мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Дипфейктер үшін жауапкершілік қарастырылған. Егер сіз жасанды интеллект өнімдерін іске асыратын болсаңыз, онда тұтынушылар оның жасанды интеллект екенін түсінуі керек деген нормалар енгізілді. Тиісті жаза мен талаптар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс пен Қылмыстық кодексте көрсетіледі. Біз осы бағыттағы жұмыс тобының құрамына кірдік», — деді журналистерге ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Мәжіліс кулуарында.

Еске сала кетейік, 29 қазанда Парламент Қазақстанда жасанды интеллектті пайдалану тәртібін реттейтін заңды қабылдады.

Оқу үшін