NoFake

Хакерлер жоғары оқу орындарын нысанаға алды — Бас прокуратура ескертеді

Фото: nofake.kz/

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Қоғамдық қауіпсіздік қатерлері мен қылмыстық қауіптерді болжау орталығы жоғары оқу орындары қызметкерлеріне бағытталған жаңа киберқауіп туралы ескертті, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Шетелдік дереккөздің мәліметінше, бірқатар кибершабуыл салдарынан АҚШ-тың 25 оқу орнынан 6 мыңнан астам оқытушы зардап шеккен. Интернет-алаяқтар төлем деректеріне қол жеткізіп, оларды өздерінің банк шоттарына аудару арқылы ақша жымқырған», — делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Бас прокуратура азаматтарға киберқауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:

  • Бейтаныс хаттардағы сілтемелерді ашпау;
  • Күрделі құпиясөз қолдану;
  • Қос факторлы аутентификация (екі деңгейлі қорғауды) пайдалану.

Оқу үшін