Қайрат – Реал ойынының билеттерін алыпсатарларға қатысты арыз-шағым түспеген

Фото: Қайрат клубының баспасөз қызметі
Бас прокуратура «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойынға билеттерді қайта сату фактілері бойынша ресми тексеріс жүргізілмеген, деп хабарлайды nofake.kz/.
Бұған дейін Мәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов:
«Егер билет алыпсатарлыққа қатысты ресми арыз-шағым түссе, тексеріс жүргізіледі»,
— деп мәлімдеген болатын.
Осы мәлімдемеден кейін nofake.kz/ редакциясы Бас прокуратураға ресми сауал жолдады.
«Қала прокуратурасы тарапынан аталған матчқа билеттердің сатылуына қатысты тексеру жүргізілген жоқ», — делінген ведомствоның ресми жауабында.
Айта кетейік, ойын алдындағы және одан кейінгі кезеңде билетке қатысты алаяқтық жағдайлары тіркелген. UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда өткен «Қайрат» – «Реал» ойынына билет сатып алған 200-ден астам жанкүйер стадионға кіре алмай қалған. Бұл мәселеге байланысты Алматы қалалық Полиция департаментіне де сауал жолдадық. Жауаптар қосымша жарияланады.


