NoFake

Банктен қолма-қол ақша алған адам есеп беруге міндетті – Ұлттық банк түсіндірді

Коллаж: nofake.kz/

Әлеуметтік желілерде «қазақстандықтар банктен қолма-қол ақша алған кезде есеп беруге міндетті» деген ақпарат тарады. Бұл рас па және талап кімдерге қатысты? nofake.kz/ анықтады.

Ұлттық Банктің түсіндіруінше, бұл – бұрыннан қолданылып келе жатқан көлеңкелі бизнеспен күрес әдісі. Жаңа Салық кодексіне тек нақтыланып енгізілген.

«Ұсынылып отырған талап жаңа емес. Ол қолданыстағы ережелерде көзделген, тек лимиттен тыс ақша алғандарға ғана қатысты», – деді Ұлттық банктің ресми өкілі.

Қолма-қол шешіп алуға рұқсат етілген лимиттер:

Банк түсіндіргендей, негізгі өзгеріс – есеп беру нысанына қатысты. Заңның 32-бабына «Шешіп алған қолма-қол ақшаны мақсатты пайдалану туралы ақпарат» деген толықтыру енгізілді. Яғни кәсіпкер қолма-қол ақшаны қандай мақсатта пайдаланатынын көрсетуі тиіс.

Кірістер комитеті не дейді?

ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндіруінше, белгіленген лимиттен тыс қолма-қол ақшаны алуға өтінім берген кезде – кәсіпкерлік субъектілері бұрынғыдай банкке ақшаны алу мақсатын растайтын құжаттарды және мәліметтерді беру келісімін ұсынады.

«Ереже белгіленген лимиттен асқан кезде қолма-қол ақшаны алу мақсатын көрсетумен толықтыруға тек банктер үшін ғана енгізілді. Бұл өзгеріс — кәсіпкерлерге жаңа міндеттемелер жүктеуге емес, ҚР Ұлттық Банкі мен мемлекеттік кірістер органдары арасында мәліметтерді беру рәсімін жеңілдетуге бағытталған. Өзгерістер тек 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің нормаларына сілтемелерді өзектендіру мақсатында енгізіліп отыр», — делінген ресми хабарламада.

Оқу үшін