NoFake

«Қайрат» vs Real Madrid: қымбат ойыншылар кім?

Коллаж: nofake.kz/

UEFA Чемпиондар Лигасының 2025-2026 жылғы маусымындағы ең құнды команда — Real Madrid. Нарықтағы құны — €1.4 млрд. Ең арзан клубы қазақстандық «Қайрат». Оның құны — €12,7 млн. Яғни, «Қайраттың» бюджеті қарсыластарынан 110 есе аз. «Қайрат» Real Madrid-тің Орталық Азиядағы кездесіп жатқан ең алғашқы клубы.

Transfermarkt.world парталының дерегіне қарғанда, корольдік клубтың ең қымбат ойыншысы — Джуд Беллингем мен Киллиан Мбаппе. Әрқайсысы €180 млн тұрады. Ал, Реал Мадридтегі ең төмен бағаланатын – Дэвид Алаба. Оның еңбегінің өтемі €6 млн. «Қайрат» клубының фавориты әрі ең құнды ойыншысы — 17 жастағы Дастан Сатпаев. Оның құны — €1.8 млн. Қайраттағы ең төмен бағадағы ойыншылар қорғаушы Данияр Ташпулатов пен шабуылшы Рамазан Бағдат. 2025 жылғы дерек бойынша олардың әрқайсысына €75 мың тиесілі.

Айта кетейік, 30 Қыркүйекте Real Madrid пен «Қайрат» Алматыдағы Орталық стадионда UEFA Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде кезедесетін болады.

nofake.kz/ шынайы ақпарат пен дәйекті дәлелді бірінші ұсынады!

Оқу үшін