«Ресей кеденшілері Қазақстаннан дрон тәркіледі» деген ақпарат – жалған

nofake.kz/
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті тәркіленген дрондарға қатысты ресми түсініктеме берді. Шын мәнінде 34 дрон тексерістен кейін Ресейге қайтарылған. Яғни, Ресей кеденшілері Қазақстаннан келген дрондар партиясын ұстады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Аталған факт дұрыс баяндалмаған және шындыққа сәйкес келмейді. Нақтысында бұл дрондарды 2025 жылғы 13 маусымда «Жайсан» автокөлік өткізу пунктінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлері ұстаған, оларды Ресей Федерациясынан құжатсыз алып өтпекші болған», — делінген хабарламада.
Комитеттің мәліметінше, экспорттық бақылау мемлекеттік кірістер органдарына берілген. Тексеру барысында дрондар тасымалына рұқсат талап етілетіні анықталды. Іс сотқа жіберіліп, сот жүк иесін әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танып, айыппұл салған.
«Заңмен көзделген рәсімдер аяқталғаннан кейін, жүк иесіне қайтарылып, оны шыққан еліне кері жіберу міндеттелді. 2025 жылғы 15 қыркүйекте аталған тауар Ресей Федерациясына қайтарылды, бұл жөнінде көршілес тарапқа қолданыстағы екіжақты тәртіпке сәйкес хабарланды», – деп мәлімдеді мемлекеттік орган.
Ресей Федералдық кеден қызметі Самара кеденшілері Қазақстаннан келген көліктен 34 дрон тәркіленді деген мәлімет таратқан еді. Бұл туралы БАҚ да жазды.


