Ресей кеденшілері Қазақстаннан келген көліктен 34 дрон тәркіледі

Фото: ФТС РФ
Ресейдің Самара облысында кеденшілер Қазақстаннан келген «Газель» көлігін тексеру барысында бөлшектелген 34 дрон мен бір квадрокоптер (DJI Mavic) тапты. Көлік Башқұртстанға бағыт алған, ал оқиға Сағыршын шекара бекеті маңында болған.
РФ Кеденшілерінің ресми мәліметінше, тауар құжаттарында дрон туралы ақпарат жоқ. Жүкке жауапты азамат дрондарды жеке видеотүсірілім үшін пайдаланатынын айтқан.

Алайда ресейлік сарапшылар 2 жүк тасымалдауға арналған ұшақ типті дрон, 1 барлау дроны, 32 шағын дрон жинауға болатын жиынтықты анықтаған. Ресейдің кеден қызметі қазақстандық дрондар жеке мақсатта пайдалануға арналмаған және қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін деп мәлімдеді.

Тауар тәркіленіп, сараптама тағайындалмақшы. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. Редакция елімізден шыққан жүк көлігіне қатысты ақпарат сұрап, тиісті органдарға сауал жолдады. Материал зерттеліп жатыр.
Фото: ФТС РФ


