Фейк таратқан 52 адам жауапқа тартылды

Stock
ҚР ІІМ Баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбектің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша жыл басынан 1 адам жауапқа тартылды, ал өткен жылы – 4 адам. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 456-бабының 2-бөліміне сәйкес биыл 51 адам жауапкершілікке тартылды: оның ішінде 48-іне жалпы сомасы шамамен 3 миллион теңге айыппұл салынды, 3 адам әкімшілік қамауға алынды.
ҚР ІІМ жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жазаға тартылатынын ескертеді. Мемлекетке, азаматтарға зиян келтіретін ақпарат жариялағандар және төтенше жағдай кезінде фейк таратып, елді дүрліктіргендер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Министрліктің мәліметінше, фейк көбіне әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарайды.


