NoFake

Қазақстанда қытайлық интернет-бақылау жүйесі орнатылмайды — министрлік жауап берді

freepik.com

Wired басылымы Қытайдың Geedge Networks компаниясына қатысты 100 мыңнан астам құжаттың жария болғанын хабарлады. Басылым мәліметінше, құжаттарда компанияның түрлі мемлекеттерге азаматтардың онлайн-әрекетін бақылауға мүмкіндік беретін интернет-цензура жүйесін жасырын сатқаны көрсетілген. Сатып алушылар тізімінде Қазақстан да аталады.

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Жаңа деректер пайда болған жағдайда қосымша түсініктеме береміз», – деп хабарлады министрлік.

Wired нұсқасы бойынша, Geedge Networks жасаған жүйелер Қытайдың «Ұлы файрволы» үлгісімен құрылған. Ол жүйе қажетсіз контентті сүзгіден өткізіп, VPN қолдануды шектеп, шетелдік сайттарға кіруге тосқауыл қояды. Wired дерегінше, Geedge жүйесі Қазақстанда, Эфиопияда, Пәкістанда және Мьянмада орнатылған. Тағы бір елде іске қосылғаны айтылғанымен, атауы көрсетілмеген. Сонымен қатар, компания инженерлерді басқа мемлекеттерге техникалық жұмыстарға жіберуге дайын мамандарды іздеген.

Оқу үшін