NoFake

«Газ өндірісі төмендеген жоқ» – Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрлігі табиғи газ өндіру көрсеткіштерінің сенімді өсімін хабарлайды. 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстанда 17,3 млрд текше метр газ өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,46 млрд текше метрге немесе 9,2%-ға артық.

БАҚ-тың бірқатарында тараған өндірудің төмендегені жөніндегі ақпарат ресми деректерге сәйкес келмейді. Ұлттық статистика бюросының жедел деректері оң динамиканы растайды: өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,1%-ды құрады. Министрлік жағдайды объективті түрде көрсету үшін тек тексерілген деректерді пайдалануға шақырады.

Сонымен қатар, тұтынушылар үшін газ бағасының өсуі өндіру көлемімен байланысты емес. Бұл – баға белгілеудің нарықтық тетіктеріне көшуге бағытталған реформаның жоспарлы әрі бақылаудағы кезеңі.

Аталған шара саланың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету, жаңа кен орындарын игеруге инвестиция тарту және болашақта тапшылық тәуекелдерінің алдын алу үшін қажет. Энергетика министрлігі тарифтердің өзгеруі – елдегі барлық тұтынушыларды ұзақ мерзімді перспективада үздіксіз газбен қамтуды қамтамасыз ететін байыпты шешім екенін атап өтті.

Оқу үшін