NoFake

BilimClass платформадағы ақауға қатысты ресми мәлімдеме жасады

BilimClass платформадағы ақауға қатысты ресми мәлімдеме жасады

Фото: magnific.com

BilimClass әкімшілігі 27 қарашада платформа жұмысында орын алған ақауға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды NoFake.kz.

27 қараша күні таңертең екінші ауысымда оқитын балалардың ата-аналары мектеп чаттары мен әлеуметтік желілерде үй тапсырмалары көрінбей қалғанын жазды.

Скрин трэдстен.

«Енді осы жетпей тұр еді. BilimClass-тағы ақаудан кейін барлық сыныбыма берген үй тапсырмаларым жоғалып кетті. Бүкіл тоқсан бойы бергенімнің бәрі! Әріптестер, сіздерде де солай ма? Бәрі қалпына келгенше күтеміз бе, әлде отыра қалып, тоқсан басында не тапсырғанымызды еске түсіре береміз бе?»,- деп жазған желі қолданушылары.

Платформа әкімшілігі ақаудың себебі мен қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеді.

«Платформа жұмысында уақытша ақаулар болуы мүмкін. Осыған байланысты кейбір пайдаланушылар қосымшаға кіргенде қиындыққа тап болуы мүмкін. Сондай-ақ бағалар, сабақ кестесі мен үй тапсырмалары уақытша көрінбей қалуы ықтимал. Платформаның жұмысын мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатырмыз», — деп хабарлады BilimClass әкімшілігі.

Кейбір пайдаланушыларға қате хабарландырулар немесе хабарламалар да келген болуы мүмкін.

Оқу үшін