Астанада Кенесары көшесіндегі үй сүрілмейді — CTS

Фото: әлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіде Астанадағы Кенесары көшесі, 23-мекенжайында орналасқан үйдің жеңіл рельсті көлік (ЛРТ) желісінің құрылысына байланысты сүрілетіні туралы ақпарат тарады. Алайда CTS компаниясының баспасөз қызметі бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды NoFake.kz.
Тұрғын үйдің болашағына алаңдаған тұрғындар әлеуметтік желіге егер көпқабатты баспана сүрілсе, үй иелерінің жеке құқығы сақтала ма, жұрт қайда көшеді деген сияқты сұрақтар мазалайтынын жазып жатыр.

Бұл ақпаратты анықтау үшін NoFake.kz CTS компаниясына хабарласты.
«Кенесары көшесі, 23-мекенжайындағы үйді сүріп тастау ЛРТ құрылысы жобасында қарастырылмаған», — деп хабарладыCTS баспасөз қызметі.
Яғни, ЛРТ құрылысына жауапты компания өкілдері Астанадағы көпқабатты тұрғын үй сүрілуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.


