Астанада Испаниядағы футбол турниріне жалған тур ұйымдастырғандар сотталды

Фото: Depositphotos
Астанада балаларды халықаралық футбол турниріне апаруды сылтау етіп жасалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Nofake.kz.
Ведомство мәліметінше, сотталған адам ата-аналарды жас футболшылардың Испанияға «барлығы қамтылған» тарифі бойынша сапары ұйымдастырылады деп сендірген.
«Турнирге қатысу ақысын, әуе билеттерін, визалық қызметтерді, балаларды алып жүру және спорттық киім сатып алу шығындарын төлеу деген түрлі сылтаулармен жәбірленушілерден ақшалай қаражат алған. Алайда іс жүзінде өзіне алған міндеттемелерін орындамай, алынған ақшаны өз қалауы бойынша пайдаланған», — делінген хабарламада.
Прокуратура бүгінде 9 жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы 24 млн теңгеден асқанын мәлімдеді.
«Осылайша, сот үкімімен қаскөйге 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Келтірілген залал сотталған адамнан өндіріп алынды», — делінген хабарламада.
Осы ретте, қала прокуратурасы балалардың шетелдегі спорттық жарыстарға сапарын ұйымдастыру кезінде ұйымдастырушылардың өкілеттіктерін, турнирге ресми шақырудың, тиісті шарттардың, әуе билеттерінің және брондауды растайтын құжаттардың бар-жоғын мұқият тексеру қажет екенін ескертеді.


