NoFake

Алматы Су кәріз шаруашылығын басқару басқа компанияға беріледі деген ақпаратты жоққа шығарды

Фото: vodopribor.su

«Алматы Су» ШЖҚ МКК қаланың су құбыры және кәріз шаруашылығын басқару басқа компанияға беріледі деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Nofake.kz.

Компания мәліметінше, кей бұқаралық ақпарат құралдарында Алматы қаласының су құбыры және кәріз шаруашылығын басқару басқа компанияға беріледі деген ақпарат тараған. «Алматы Су» ШЖҚ МКК бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.

«Алматы Су» ШЖҚ МКК — Алматы қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің операторы болып табылатын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын. Қаланың су құбыры және кәріз шаруашылығын басқару функцияларын басқа компанияларға беру көзделмеген», — делінген хабарламада.

Компания бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады. Сондай-ақ, мекеме БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі пайдаланушыларын ақпаратты жарияламас және таратпас бұрын оның шынайылығын тексеруге шақырады.

Оқу үшін