NoFake

Қазақстанда цифрландыру бойынша қай өңірлер көш бастап тұр

Фото: Асан Төлеу

Цифрлық үкіметті қолдау орталығының атқарушы директоры Нұрсұлтан Нұрлан AI & Digital Bridge 2026 форумында өңірлер арасындағы цифрландыру көшбасшылары және олардың даму деңгейіндегі айырмашылыққа әсер ететін факторлар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Оның сөзінше, өңірлердің қаржылық мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, цифрландыру деңгейі бойынша әр өңірдің көрсеткіштері әр түрлі болып отыр. Айтуынша, бүгінде цифрландыру деңгейі бойынша Астана мен Алматы көш бастап тұр.

«Өңірлер әртүрлі жағдайда. Олардың бюджеттері де әртүрлі: бір бөлігі донор өңірлер болса, енді бір бөлігі түсімдерге тәуелді. Осыған байланысты даму деңгейі де біркелкі емес. Дәстүрлі түрде көшбасшылар қатарында Астана мен Алматыны, сондай-ақ тағы бірнеше қаланы атауға болады. Мысалы, ондай қалаларға Қостанай мен Қарағанды жатыр. Сол сияқты Көкшетау да жақсы қарқынмен дамып келеді», — деді ол Digital Bridge форумының кулуарында.

Cонымен бірге, спикер Астана мен Алматының тәжірибесі негізінде Цифрлық үкіметті қолдау орталығы әдістемелерді жаңартып, өңірлер үшін нақты көрсеткіштерді белгілеген.

Одан бөлек өңірлік ақпараттық жүйелерді бірыңғай платформаларға, соның ішінде QazTech-ке көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. Министрлік бұл өңірлердің цифрлық дамуын жеделдетіп, одан әрі жұмыс істеу үшін нақты бағдар беруге мүмкіндік береді деп есептейді.

Оқу үшін