NoFake

ЖИ салдарынан алдағы жылдары кімдер жұмыссыз қалуы мүмкін: сарапшы пікірі

Фото: AI & Digital Bridge 2026

Цифрлық үкіметті қолдау орталығының атқарушы директоры Нұрсұлтан Нұрлан AI & Digital Bridge 2026 форумында болашақта ЖИ салдарынан жойылып кетуі мүмкін мамандықтар туралы пікір білдірді, Nofake.kz.

Оның сөзінше ЖИ салдарынан еңбек нарығында болатын өзгерістер тіпті бұдан 15 жыл бұрын, ЖИ мүмкіндіктері енді зерттеліп жатқанда айтылған.

«Негізінен ЖИ 2010 жылдардан бастап зерттеле бастады. Сол кездің өзінде ЖИ-дің енуі еңбек нарығына әсер етеді деген пікірлер болатын. Өз дәуірінде өнеркәсіптік революция адамдарға ауыр еңбекпен шұғылдануды азайтауға көмектессе, ЖИ интеллектуалды еңбек үшін қолданылып жүр. ЖИ әсерінен терең өзгеріске ұшырап жатқан сала — бағдарламалау саласы болып отыр. Мысалы, 2015 жылы тілдік модельдерді дамытуда, ЖИ тек 1% деңгейінде қолданылса, қазір ЖИ-дің өзінде 80% деңгейде ЖИ қолданылады», — деді ол.

Оның сөзінше, бұдан үлкен тілдік модельдерді дамытуда жыл өткен сайын адам еңбегінің қолдану үлесі азайып жатқанын көруге болады.

«Сондықтан OpenAI сияқты ірі компаниялар ЖИ-ді дамыту қарқынын бәсеңдету туралы ұсыныс айтуда. Яғни, адамдардың ЖИ-ді дамыту технологиясын бақылауда ұстауына баса мән беріп отыр. Сонымен бірге, креативті индустриясы саласының мамандары өз кәсіптерінен айырылуы мүмкін. Себебі, қазірдің өзінде ЖИ көмегімен видеоны, тіпті әуенді генерациялау бар. Аталған саланың барлығы AI кезеңіне өтіп жатыр», — деді ол.

Одан бөлек, сарапшы медиа контент өндіру, жарнама жасау нарығының мамандары да ЖИ әсерінен жұмыссыз қалуы мүмкін екенін атап өтті.

«Сол сияқты заң, құқық, қаржы секторының мамандарын да, мәтінмен жұмыс істейтін қызметкерлерді де ЖИ салдарынан түбегейлі өзгерістер күтіп тұр», — деді ол.

Айта кетейік, Астанада екі күннен бері AI & Digital Bridge 2026 форумы тіп жатыр. Оған ЖИ, салаларды цифрландыру салаларының мамандары, түрлі деңгейдегі сарапшылар мен мемлекеттік орган өкілдері қатысып жатыр.

Оқу үшін