Яндекс такси жүргізушілерінің жеке деректері қалай қорғалады: компания өкілі түсіндірді

Фото: pixabay.com
Қазақстандағы «Яндекс Такси» жетекшісі Руслан Саитов платформадағы такси жүргізушілерінің жеке деректері қалай қорғалатынын түсіндірді, деп хабарлайды Nofake.kz.
Руслан Саитовтың сөзінше компания такси жүргізушілерінің дербес деректерін қорғау мәселесіне баса назар аударады.
«Жеке деректерді қорғау мәселесіне келер болсақ, біз «Дербес деректерді қорғау» туралы заңға сәйкес жұмыс істейміз. Мысалы, деректерді шифрлау, сол сияқты жергілікті ЦОД-тарды сақтау сияқты күрделі процесс бар. Сондықтан бізде нарық талаптарына сай, кейде тіпті оларды басып озатындай жұмыс істеу сияқты қағидат бар», — деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ ол платформадағы процесстердің барлығында дерлік қауіпсіздік шаралары қатаң жолға қойылғанын атап өтті.
«Біздегі процесс, технологиялардың барлығында қорғау шаралары қолға алынған. Біздің қолданушылар, яғни такси жүргізушілерінің жеке деректерінің таралуы ешқашан болған емес. Бұл масатта біз бұл бағытта көп көлемде инвестиция құйып, жеке деректерді қорғау шараларына көп ресурс жұмсаймыз», — деді ол.
Айта кетейік, бүгін Астанада өтіп жатқан AI & Digital Bridge 2026 форумында АХҚО басшысы жалған инвестициялық жобаларға алданбау жолдарын түсіндірген еді.


