NoFake

Астанадағы LRT үшін арнайы полиция құрылады — тиісті қаулыға Премьер қол қойды

Фото: Gov.kz

Астанадағы LRT жеңіл рельсті көлік желісіне арнайы полиция құрылатын болады. Тиісті қаулыға Үкімет басшысы Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Nofake.kz.

Құжатқа сәйкес, жаңа бөлімше ҚР ІІМ-не қарасты болады.

«ҚР Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментінің LRT нысандарындағы Көліктегі полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылсын», – делінген құжатта.

Сондай-ақ, құжатта бөлімше қызметкерлері LRT нысандарындағы қауіпсіздікке жауап беретіні, бөлімше республикалық бюджеттен, ІІМ-ге қарастырылған қаражат есебінен қаржыландырылатыны айтылады.

Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Оқу үшін