NoFake

Алаяқтықтың кең тараған түрлері қандай және олардың арбауына қалай түспейміз: ІІМ кеңесі

Фото: depositphotos

ҚР ІІМ орынбасары Санжар Әділов пен Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Жандос Сүйінбай еліміздегі кең таралған алаяқтық түрлері мен олардан сақтану жолдарын мәлімдеді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Олардың айтуынша, елімізде бірнеше кең таралған алаяқтық схемалары бар.

«Алаяқтар қалай жұмыс істейді? Олар көп жағдайда өздерін құқық қорғау органдары ретінде таныстырады. Яғни, ең алдымен қоңырау шалған адамға бірден сенуге болмайды. Қоңырау шалған адамның кім екенін, қайдан шалғанын анықтап, тексеру керек. Осы ретте құқық қорғау органдары адамдарға ешқашан себепсіз қоңырау шалмайтын ескерткіміз келеді», — деді Жандос Сүйінбай.

Сонымен бірге, ол алаяқтықтың тағы бір кең таралған түріне түрлі инвестициялық жобаларға тарту, оларды танымал тұлғалар арқылы жарнамалау, олардың дипфейктерін қолдану схемасын атап өтті.

«Мұндайда инвестицияға тартатын ұйымның лицензиясы бар ма, жоқ па соны тексеру керек. Сосын счетчик ауыстыру сияқты алаяқтық түрі де кең таралған. Ондайда ұйымға немесе КСК-ға хабарласып, орын алған жайт туралы міндетті түрде тексеріп, сұрау керек. Сондықтан барынша сақ болып, компьютерлік, цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет», — деді ол.

Сонымен бірге ҚР ІІМ орынбасары Санжар Әділов азаматтарға өздерінің дербес деректерін, банк реквизиттерін үшінші тұлғаға бермеуге, оларды таныс емес интернет-ресурстарға жолдамауға, келіп түскен ақпаратқа сыни ойлау тұрғысынан қарауға, өзге дереккөздерден ақпаратты тексеруге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге кеңес берді.

Оқу үшін