NoFake

Фейк аккаунт арқылы ерлерді алдаған: Көкшетауда алаяқтық схема әшкереленді

Фото: Depositphotos

Көкшетауда полицейлер әлеуметтік желілердегі жалған аккаунттар арқылы азаматтарды алдаған алаяқтық схеманы анықтады.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қалада тұратын екі адамды анықтады. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар әйелдердің атынан жалған аккаунттар ашып, интернет арқылы ер адамдармен танысқан.

«Жәбірленушілердің бірі – Көкшетаудың 34 жастағы тұрғыны. Оның айтуынша, биыл шілде айында белгісіз адамдар Telegram қосымшасы арқылы алдап, 28 мың теңгесін иемденген. Хат алмасу барысында алаяқтар әуелі ер адамдардың сеніміне кіріп, кейін түрлі сылтаумен ақша аударуды сұраған. Алайда онлайн-танысу жеке кездесуге ұласпаған. Ақшаны алғаннан кейін олар байланысқа шықпай қойған»,- делінген хабарламада.

Қазір алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, күдіктілердің осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Құқық қорғау органдары азаматтарды интернет арқылы танысу кезінде сақ болуға және жеке танымайтын адамдарға ақша аудармауға шақырады.

Оқу үшін