«Менің өмірім аяқталуы керек пе»: Аза тұту күні TikTok-та көзге түскен блогер 10 тәулікке қамалды

Фото: Polisia.kz
Жалпыұлттық аза тұту күні TikTok-та тікелей эфирге шыққан Петропавл тұрғыны Ирина Антоненко 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы полиция мәлімдеді.
Полиция мәліметінше, әлеуметтік желіде тікелей эфир кезінде ұсақ бұзақылық жасаған 42 жастағы әйел анықталған. Әлеуметтік желіде тараған видеода әйел аза тұту күні көңіл көтеруіне қатысты айтылған сынға жауап береді.
«Бүгін аза тұту күні болса, не істеуім керек? Менің өмірім аяқталуы керек пе?» – дейді ол видеода.
Оқиғадан кейін полиция тексеру жүргізіп, тиісті материалдарды сотқа жолдаған. 29 қыркүйекте сот Ирина Антоненконы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Полицияның хабарлауынша, аталған оқиғаға заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілген.


