Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

Фото: Depositphotos
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
ТЖМ-нің алдын ала мәліметінше, «Сейсмологиялық зерттеу институты» Алматы қаласында сейсмикалық оқиғаны тіркеген. Жер сілкінісінің қаншалықты сезілгені туралы мәліметтер нақтыланып жатыр.

«Сезілетін жер сілкінісі тіркелді.Сейсмологиялық байқау және зертеулер ұлттық ғылыми орталығының болжам комиссиясының қорытындысына сәйкес, сағат 10:30-дағы жағдай бойынша жойқын жер сілкіністері күтілмейді. Сабыр сақтап, үрейге берілмеңіздер! Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер»,- деп мәлімдеді Алматы қаласы ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының жедел кезекші бөлім бастығы Батпасов Ерген.
Алматы қаласы ТЖД қызметкерлерінің хабарлауынша, ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары және қала полициясының патрульдік экипаждары тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын ықтимал зақымданулардың бар-жоғын анықтау мақсатында визуалды тексеруден өткізді. Сонымен қатар өзен арналарына, гидротехникалық құрылыстарға, опырылу қаупі бар және сел қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізілді.
«Қазіргі уақытта аталған нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ»,- деп хабарланған Алматы ТЖД баспасөз хабарламасында.
«101» және «112» желілеріне ақпараттық сипаттағы 258 қоңырау келіп түсті. «Жедел желі» телефонына 35 қоңырау түсті.


