NoFake

Екі матростың із-түссіз жоғалғаны рас па — Министрлік мәлімдеме жасады

Gluster 2020 10 30 7d45ac63178dee482a7eefdae073ac70 original.541928

Фото: Gov.kz

Әлеуметтік желілерде мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. туралы таралып жатқан ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Nofake.kz.
Ведомство мәліметінше, әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу барысында жеке құрамның бір бөлігі жағалауда болып, тиісті оқу міндеттерін орындаған.

«Мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. жағалауда оқу міндеттерін орындаған әскери қызметшілер тобының құрамында болды. Қазіргі уақытта аталған әскери қызметшілер әскери бөлімнің орналасқан жерінде және күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін атқарып жүр», — делінген хабарламада.

Осы орайда, ҚР Қорғаныс министрі азаматтарды тексерілмеген және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің ресми мәліметтеріне сүйенуге шақырады.

Оқу үшін