NoFake

Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне тариф өседі — фейк

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ кей бұқаралық ақпарат құралдарында тараған магистральдық теміржол желісі қызметтеріне тарифтің өсуі туралы ақпарат жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Компания аталған ақпарат шындықпен жанаспайтын атап өтті. Бұл ретте ҚТЖ өтінімді қарау қорытындысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті магистральдық теміржол желісі қызметтеріне тарифтің деңгейін арттыруды бекіткенін жеткізді.

«2026 жылғы 21 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2026 жылы өсім 24% құрады, ал 2027 жылы өсім қарастырылмаған, 2028-2030 жылдарға жыл сайынғы индекстеу 3% көзделген.
Осы тарифтерді көтеру бойынша қоғамдық тыңдау 2026 жылғы 31 шілдеде өтті. Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен сұйытылған газға тарифтер 2026-2030 жылдар кезеңіне дейін өзгеріссіз қалды», — делінген хабарламада.

Компания, сондай-ақ, МТЖ қызметтеріне реттелетін тарифтерді өзгерту «Мойынты – Қызылжар» және «Бақты – Аягөз» жаңа темір жол желілерін салудың негізгі жобаларын қоса алғанда, Транқазақстандық темір жол дәлізін дамыту жобаларын іске асырумен байланысты екенін атап өтті.

«Тариф деңгейінің өзгеруі туралы толық ақпарат «ҚТЖ» ҰК» АҚ сайтында, сондай-ақ «Қазақстан теміржолшысы» республикалық газетінде (2026 жылғы 15 қыркүйектегі № 73 шығарылым) орналастырылған», — делінген хабарламада.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметтеріне тарифтер бөлігінде корпоративтік www.railways.kz. сайтында орналастырылатын ресми ақпаратты басшылыққа алуға кеңес береді.

Оқу үшін