Шала туған балаларға екпе салуға бола ма

Иллюстративное фото: depositphotos.com
Ата-аналар арасында балаға туғаннан кейін бірден екпе салу, соның ішінде шала туған сәбилерге екпе егу мәселесі жиі талқыланады. Nofake.kz мәселенің мән-жайын анықтап көрді.
Шала туған нәрестеге екпе егерде не ескеріледі?
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар инфекционисі, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Бәйешеваның айтуынша, шала туған балаларға екпе егуге автоматты түрде тыйым салынбайды. Екпе егу алдында дәрігерлер баланың салмағы мен жалпы жағдайын бағалайды.
«Жаңа туған балалар да, оның ішінде шала туған нәрестелер де, ең алдымен, ауыр инфекциялардан қорғануға мұқтаж. Сондықтан оларға екпе перзентханада салынады. Алайда бұл баланың салмағына, сондай-ақ қандай да бір ағзасының жеткіліксіздігіне байланысты болады. Мұның барлығы міндетті түрде неонатологтың бақылауымен реттеледі», — деді ол.
Екпе алған бала ауырып қалды: себебі неде?
Динагүл Бәйешеваның айтуынша айтуынша, екпе салдыру ауруды жұқтыру қаупін әрдайым толық жоймайды. Алайда инфекция жұққан жағдайда, екпе алған балада ауру жеңілірек өтуі мүмкін.
«Бала екпе алғаннан кейін де ауырып қалса, бұл епенің әсері әлсіз дегенді білдірмейді. Бұл – белгілі бір екпенің иммундық жауаптың ерекшелігі ғана. Ең бастысы – мұндай ауру екпе алмаған балалармен салыстырғанда, екпе алған балада әлдеқайда жеңіл өтеді», – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР ДСМ жедел жәрдемді қанша уақыт күту керек және оның келу уақыты неге байланысты екенін түсіндірген еді.


