NoFake

Астанада оқушыларға шабуыл жасалатыны туралы фейк тарады

Фото: gov.kz

Астанада мектеп оқушыларының біріне шабуыл жасалуы мүмкін деген ақпарат тарады. Полиция департаменті аталған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Nofake.kz.

Желіде қандай ақпарат тарады?

Әлеуметтік желілерде Астанадағы мектептердің бірінің оқушыларына шабуыл жасалатыны туралы ақпарат тарады.

Скриншот ложной публикации

Полиция департаменті не дейді?

Полиция бұл хабарламаны тексеріп, ақпаратты жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында елордадағы мектептердің бірінің оқушыларына шабуыл жасалуы мүмкін екені туралы ақпарат жарияланғаны анықталды. Полиция қызметкерлері қажетті тексеру жұмыстарын жүргізді. Балаларға шабуыл жасалатыны туралы ақпарат расталған жоқ», – деп хабарлады Астана қаласы Полиция департаменті.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта хабарламаны таратқан адамдар анықталып жатыр. Тәртіп сақшылары, тексеру нәтижесі бойынша олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін жеткізді.

Оқу үшін