Министрлік елге көшіп келушілерге көмектесетін делдалдар туралы ескертті

Иллюстративное фото: Depositphotos
Қазақстанға қоныс аударып, құжаттарын рәсімдеп жүрген азаматтарға мемлекеттік қызметтерді ақылы түрде жеделдетуге уәде беретін делдалдар пайда болған. Бұл туралы Көші-қон комитетіне келіп түскен өтініштерден белгілі болды, деп хабарлайды Nofake.kz.
Ведомствоның мәліметінше, делдалдар азаматтарға құжаттарды рәсімдеу процесін жеделдетуге, тестілеуден өтуге көмектесуге немесе мемлекеттік қызметтерді алуға ықпал етуге уәде береді.
Көші-қон комитеті мұндай ұсыныстарға сенбеуге шақырады.
«Мемлекеттік қызметтер белгіленген тәртіппен көрсетіледі, ал тестілеу нәтижелерін немесе құжаттарды қарау қорытындысын қандай да бір ақы үшін өзгертуге болмайды», — делінген министрлік хабарламасында.
Ведомство азаматтарға бейтаныс делдалдарға ақша бермеуге және жеке әрі құжаттық деректерін бөгде адамдарға ұсынбауға кеңес береді. Мемлекеттік қызметтерге қатысты ақпаратты тек ресми дереккөздерден алған жөн. Яғни, құжаттарды рәсімдеуге немесе тестілеу нәтижесіне «ақша арқылы ықпал етуге» уәде берілген жағдайда, мұндай ұсыныстың заңды негізі жоқ екенін ескерген жөн.


