NoFake

Алдағы жылы Назарбаев мектептерін қаржыландыру қысқаратыны рас па

Фото: depositphotos

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бүгін Үкіметте өткен брифингте көпшілік арасында жиі талқыланып жүрген «Келер жылдан бастап «Назарбаев зияткерлік мектептерін» қаржыландыру қысқарады» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Оның айтуынша келер жылдан бастап «мектептерді қаржыландыру азаяды» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және ата-аналарға бұл мәселе бойынша алаңдауға еш негіз жоқ.

«Назарбаев зияткерлік мектептерін қаржыландыру 2028 жылға дейін бекітіліп қойған. Сол себепті грант саны азаяды, сыныптардағы оқушы саны азаяды деуге ег негіз жоқ. Мектептерде қалай оқу жүйесі жүргізіліп келеді, бәрі солай сақталады», — деді ол.

Ол бұл ретте мектептердегі грант саны, олардағы түлектер санына байланысты болатынын жеткізді.

«Қанша түлек бітіреді, тура сондай оқушы жаңа оқу жылына қабылданатын болады. Мәселен, 4 сынып жасақталған болса, сол 4 cыныптың түлектері бітірген соң, орнына сол 4 сыныпқа оқушы қабылданатын болады», — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі 5-9-шы сыныптарда БЖБ, ТЖБ кезең-кезеңімен алынатынын түсіндірген еді.

Оқу үшін