Финляндия фейк пен алаяққа алданбайтын ұрпақты қалай тәрбиелейді

Коллаж: NoFake.kz
Финляндия білім беру жүйесі – әлемдегі ең феноменді модельдің бірі. Мұнда оқушыларды дайын ақпаратты жаттауға емес, өз бетінше зерттеу жасап, сыни және креативті ойлауға баулиды.
Олар бұл нәтижеге қалай жетті? Жүйенің артықшылығы қандай? Біз осы сұрақтарды Финляндияның білім беру жүйесін қалыптастырушылардың бірі – Хельсинки университетінің профессоры Яри Лавоненнен сұрадық.


