NoFake

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептерінде балалардың қауіпсіздігі қалай күшейтілді

Фото: ІІМ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың заңға бағынатын ұрпақ тәрбиелеу туралы тапсырмасы аясында 2026 жыл ІІМ жүйесінде «Балалар қауіпсіздігі жылы» болып жарияланғаны белгілі. Осы орайда ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті.

«Елімізде 7 656 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 283 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Полицияның жедел басқару орталықтарына 7 159 оқу орны қосылған», — деп мәлімдеді тәртіп сақшылары.

Полиция білім беру объектілерінің маңындағы жолдарға 9 417 тексеру жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша 4 070 нұсқама берген.

«Мектептердің маңында 258 жаяу жүргіншілер өткелі жабдықталып, 1 429 жасанды жол кедергісі, 4 854 жол белгісі, 1 897 жарықтандыру объектісі және 10 шақырымнан астам қоршау орнатылды» — деп хабарлады полиция өкілдері.

Сондай-ақ, ол қауіпсіздігі талаптарын орындамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 462-бабы бойынша 11 хаттама  толтырылған. Құзырлы органдар негізгі назар құқықбұзушылықтың алдын алуға, құқықтық тәрбиеге және «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында ата-аналар, ұстаздар мен мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысына аударылып отырғанын айтты.

Оқу үшін