NoFake

Канье Уэст концерті, «олигархтар партиясы» және сайлау туралы фейктер

NoFake.kz жобасы кезекті шығарылымында әлеуметтік желіде тараған танымал фейктерді топтастырып, тұтынушылар құқығын және сайлау кезіндегі заңнамалық талаптарды сараптады.

Алматыда өткен Канье Уэсттің концерті ауа райына байланысты бір күнге шегеріліп, көрермен арасында наразылық тудырды. Ұйымдастырушылар мұны «форс-мажор» деп түсіндіргенімен, заңгерлер бұл уәжбен келіспейді. Редакция ҚР Тұтынушылар қауымдастығы мен Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің пікірін білді.

Желіде «Қазақстандағы барлық саяси партия олигархтарға тиесілі» деген ақпарат тарады. NoFake.kz тілшілері бұл мәлімдемені тексеріп, оның ешқандай айғақ-дәлелсіз, тек эмоционалдық көзқарас қалыптастыруға бағытталған манипуляция екенін анықтады. Сонымен қатар, «Құрылтай депутаттарына орысша сөйлеуге тыйым салынды» деген хабарламаның да фейк екені дәлелденді. Конституция мен «Тіл туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік ұйымдарда қазақ тілімен қатар орыс тілі де ресми түрде тең қолданылады. Мәдениет және ақпарат министрлігі сайлау учаскелеріндегі түсірілім тәртібін түсіндірді. NoFake.kz жобасының кезекті шығарылымында осы мәселелер айтылады.

Оқу үшін