NoFake

Қырғызстан астанасы «Бішкет» болып өзгерді ме – мэрия жауап берді

Фото: visit-kg.com

Қырғызстан астанасында қалалық автобустың терезесіне «Бішкек» орнына «Бішкет» деп жазылған фото әлеуметтік желіде тарады. Алайда Бішкек мэриясы суреттің шынайы емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды NoFake.kz

Kaktus Media жазуынша, бұған дейін қала билігі автобустарды Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне орай безендіріп, бүйір терезелеріне «Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті. Бішкек – 2026» деген жазу орналастырған.

Скрин kaktus media

Кейін әлеуметтік желіде автобустардың бірінде «Бішкек» сөзінің орнына «Бішкет» деп жазылған фото тарады. Бішкек мэриясының қызметкерлері тексеру жүргізіп, барлық автобуста қала атауы дұрыс жазылғанын хабарлады.

«“Бішкет” деген жазуы бар сурет жасанды интеллект көмегімен жасалған болуы мүмкін», — деп мәлімдеді мэрия өкілдері.

Осылайша, әлеуметтік желіде тараған «Бішкет» жазуы бар автобус фотосы шынайы емес. Қала билігі қоғамдық көліктердегі жазуларды тексеріп, мұндай қатенің жоқ екенін растады.

Оқу үшін