NoFake

Құрылтай сайлауы: eGov Mobile-да сайлау учаскесін қалай тексеруге болады

Фото: Gov.kz

Қазақстандықтар енді Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесінің нөмірі мен мекенжайын eGov Mobile қосымшасы арқылы алдын ала тексере алады. Жаңа сервис 2026 жылғы 23 тамызда өтетін сайлауға орай іске қосылды.

Сервисті пайдалану үшін eGov Mobile қосымшасына кіріп, басты беттегі «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінің төменгі жағында орналасқан «Құрылтай-2026» белгішесін таңдау қажет. Осы жерден сайлаушы өз учаскесі туралы ақпаратты көре алады.

«Алғаш рет Құрылтай сайлауына қатысты негізгі ақпарат бір бөлімге жинақталды. Енді азаматтарға қажетті мәліметті әртүрлі ақпарат көздерінен іздеудің қажеті жоқ. Сервистің негізгі мақсаты – азаматтардың сайлауға қатысуын барынша жеңілдету және сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету», – деді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин.

«Құрылтай-2026» бөлімінде сайлау учаскесінің нөмірі мен нақты мекенжайынан бөлек, есептен шығару куәлігін алу тәртібі туралы бейненұсқаулық, дауыс беру күніне дейінгі кері санақ, сайлауға қатысты жаңалықтар мен нормативтік-құқықтық ақпарат және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар орналастырылған. Сонымен қатар сайлау учаскесін ЖСН арқылы Gov.kz-тегі арнайы сервистерден де анықтауға болады.

Оқу үшін