NoFake

РФ Қазақстанның Батыспен байланыс арнасы болғаны туралы қауесетке жауап берді

Фото: Depositphotos

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин Мәскеудің Қазақстан арқылы Батыс елдеріне Украина мәселесіне қатысты ешқандай белгі жолдамағанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресейдің Украинаға қатысты мәселелер бойынша «қазақстандық достарын мазалауға ешқандай қажеттілігі жоқ».

«Біз Киев режиміне ықпал ете алатын тараптармен тікелей байланыстамыз, олармен тікелей коммуникация жүргіземіз. Бұл күштер біздің сөзімізге толық құлақ асады деп айта алмаймын, бірақ осы бағыттағы жұмысымызды жалғастырып келеміз», – деп келтіреді Галузиннің сөзін ТАСС агенттігі.

Еске салайық, 25 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу барысында Еуропа мен АҚШ тарапынан Украинадағы жағдайды реттеуге қатысты түрлі сигналдар алып отырғанын айтқан еді. Сондай-ақ ол Ресей мен Украина арасындағы соғысты «қатырып қою» (уақытша тоқтату) идеясын ұсынған болатын.

Оқу үшін