NoFake

TikTok-тағы видео: Дональд Трамптың машинаға мінерде құлап қалғаны рас па?

Фото: whitehouse.gov

TikTok желісінде АҚШ президенті Дональд Трамптың көлікке отырмақ болып, сүрініп кеткені бейнеленген видео – жалған, деп хабарлайды NoFake.kz Snopes басылымына сілтеме жасай отырып.

Бұл видео ЖИ көмегімен өзгертілген. Ең қызығы — видеоны жасаушы да бұл кадрлардың синтезделгені жайлы видео астына жазып қойған. Соған қарамастан фейк видео желі қолданушылары арасында президенттің денсаулығы нашарлады деген қауесеттің таралуына түрткі болды.

Иллюстрация Snopes.com

Редакция келтірген дәлелдер мен тексеру нәтижелері:

Тексеру барысында редакция ролик алаяқтық мақсатта емес, эксперимент ретінде түсірілгенін анықтады. Автор видеоны алғаш жүктеген кезде оның ЖИ көмегімен жасалғанын жасырын қалдырып, мәтінді оқу үшін «тағы да…» (more)  батырмасын басуды талап ететін тұсқа жасырған. Кейіннен ол бұл қадамның мақсатын түсіндірген.

«Мен бұл видеоға қанша адамның тексермей сенетінін көргім келді және олардың соншалықты көп екені мені шошытады», — деп мәлімдеген.

Түпнұсқа кадрлар қайдан алынды?

Басылымның мәлімдеуінше, фейк видеоға негіз болған шынайы кадрлар 2026 жылғы 1 шілдеде жарияланған.

«Түпнұсқа видеодан Трамп көлікке отырар алдында бір сәтке аяғын ауада ұстап, кідіріп барып, көлікке отырғанын көруге болады. Алайда видеоның ешқандай бөлігінде оның құлағаны жоқ», — деп атап өтті редакция.

Сарапшылар видеодан ЖИ-дің анық іздерін тапты. Атап айтқанда, кадрдағы шекаралардың бұлдыр болуы және қолдың табиғи емес деформациялануы байқалған.

Оқу үшін