NoFake

Ведомстволық оқу орындарына қабылдау туралы SMS-хабарламалар фейк — ІІМ

Фото: gov.kz

Ішкі істер министрлігі ведомстволық оқу орындарына түсуге өтініш берген талапкерлерге оқуға қабылданғаны туралы жалған SMS-хабарламалар тарап жатқанын ескертті.

Министрліктің мәліметінше, мұндай хабарламалардың ІІМ-ге ешқандай қатысы жоқ. Қазіргі уақытта ведомстволық білім беру ұйымдарына қабылдау науқаны әлі жалғасып жатыр және конкурстық іріктеудің барлық кезеңі аяқталмаған.

Фото: ІІМ

«Қабылдау белгіленген мерзімге сәйкес, 15–25 шілде аралығында жүзеге асырылады. Қабылдау науқанының қорытынды нәтижелері конкурстық іріктеудің барлық кезеңі аяқталып, қабылдау комиссиялары тиісті шешім қабылдағаннан кейін ғана “Qyzmet police” ақпараттық жүйесіндегі талапкердің жеке кабинетінде жарияланады», – деп хабарлады министрлік.

ІІМ «Qyzmet police» ақпараттық жүйесі талапкерлерге оқуға қабылданғаны туралы SMS-хабарлама жібермейтінін ерекше атап өтті.

Осыған байланысты ведомство азаматтарды күмәнді SMS-хабарламаларға сенбеуге, ондағы сілтемелерге өтпеуге және жеке деректерін бөгде тұлғаларға бермеуге шақырды. Оқуға қабылдау туралы ақпаратты тек ІІМ-нің ресми ресурстарынан және «Qyzmet police» жүйесіндегі жеке кабинеттен тексеру қажет.

Оқу үшін