Иран Сауд Арабиясындағы АҚШ қару-жарақ қоймасын атқылады – фейк

Фото: factcheck.afp.com
Биыл шілденің басында атысты тоқтату келісім бұзылып, АҚШ пен Иран арасында әскери қақтығыс қайта ушықты. Әлеуметтік желі қолданушылары осы жағдайды пайдаланып, 2023 жылы АҚШ-тың Иллинойс штатында болған алапат өрттің видеосына «Иран Сауд Арабиясындағы АҚШ қару-жарақ қоймасын атқылады» деген жалған тақырып қойып таратты.
Осыдан кейін TikTok пен Facebook желілерінде ағылшын және индонезия тілдеріндегі: «Иран АҚШ-тың Сауд Арабиясындағы жарылғыш заттар қоймасын жойды» деген жазуы бар бейнежазба вирус сияқты тез тарады.
AFP фактчекерлері мен тәуелсіз зерттеушілер бұл кадрлардың Таяу Шығысқа еш қатысы жоқтығын анықтады. Кері іздеу арқылы, яғни Google арқылы суреттерді тексеру барысында бұл видеоның түпнұсқасы 2023 жылдың 6 ақпанында X (Twitter) желісінде Чикаголық журналист Сара Джиндраның аккаунтында жарияланғаны белгілі болды.

Видеодағы АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго-Хайтс қаласында болған өндірістік қоймадағы өрт. Бұл оқиғаны сол кезде WGN-TV, ABC7 Chicago және CBS News сияқты ірі телеарналар тікелей эфирде хабарлаған.
Видеодағы ғимарат пен айналадағы нысандар Google Maps спутниктік картасындағы Чикаго-Хайтстағы фабрикамен толық сәйкес келеді. 2023 жылғы өрттен зардап шеккендер болмаған. Алайда, екі жылдан кейін жарияланған Chicago Tribune есебінде өрттің шығу себебі ресми түрде анықталмағаны айтылған.
Бұл AFP агенттігі теріске шығарып отырған жалғыз жағдай емес. Бұған дейін, сәуірде де дәл осы Чикагодағы өрттің видеосы Таяу Шығыстағы қақтығыстармен байланыстырылып, фейк ретінде тараған.
Ақпараттық соғыста мұндай ескі материалдарды манипуляция үшін қайта қолдану — дезинформация таратушылар жиі пайдаланатын әдісі.


