NoFake

«Семей орманындағы» өрт: екі министр Абай облысына шұғыл жіберілді

Фото: @EcologyofQazaqstan

Премьер-министр Олжас Бектенов «Семей орманы» аумағындағы орман өртін сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевты Абай облысына шұғыл жіберді.

Үкімет басшысы жақын маңдағы елді мекендерді қорғау және өрттің одан әрі таралуына жол бермеу шараларын күшейтуді тапсырды.

Айта кетейік, 16 шілде сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өрт сөндіру жұмыстарына 400-ден астам адам мен 100-ге жуық техника жұмылдырылған. Өрт ошақтарына 100 тоннадан астам су себілген.

Жедел штабтың жұмысы Премьер-министрдің жеке бақылауында.

Оқу үшін