NoFake

Meta Instagram-да дипфейк жасауға мүмкіндік беретін функцияны өшірді

Фото: Depositphotos

Meta компаниясы Instagram-дағы жасанды интеллект көмегімен өзге адамдардың суреттері негізінде бейне жасауға мүмкіндік берген функцияны өшірді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Аталған мүмкіндік Meta AI құрамындағы Muse Image құралы арқылы жұмыс істеген. Пайдаланушылар ашық Instagram аккаунтын белгілеп, сол парақшадағы фотосуреттер негізінде ЖИ көмегімен жаңа бейнелер жасай алған.

«Біздің мақсатымыз адамдарға шығармашылық құрал ұсынып, олардың ашық жарияланған контентін осындай мақсатта пайдалануға рұқсат беру-бермеуді өздері басқаруына мүмкіндік жасау еді. Алайда пайдаланушылардың пікірін ескеріп, бұл функция күткен нәтижені бермегенін түсіндік. Сондықтан ол енді қолжетімді емес», – деп мәлімдеді Meta.

Ақпараттық қауіпсіздік сарапшылары бұл функция адамның келісімінсіз жалған бейнелер жасауға, дипфейк таратуға және алаяқтық мақсатта пайдаланылуы мүмкін екенін айтқан. Осы сыннан кейін компания аталған құралды толықтай қолданыстан алып тастау туралы шешім қабылдады.

Оқу үшін