NoFake

Білім платформасында 4,2 млн пайдаланушының жеке дерегі тарағаны рас па

Фото: Depositphotos

Әлеуметтік желіде Daryn.online білім платформасының 4,2 млн пайдаланушының жеке дерегі тарады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Nofake.kz.

Білім платформасы аталған жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Әлеуметтік желілерде Daryn.online платформасының 4,2 миллион пайдаланушысының деректері тарап кетті деген ақпарат қайта таралуда. Аталған ақпарат жаңа оқиғаға қатысты емес. Ол алғаш рет 2025 жылдың желтоқсанында жарияланған», — делінген хабарламада.

Білім платформасы осыдан кейін Daryn.online ақпараттық жүйелері уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен толық тексеруден өткізілгенін жеткізді.

«Тексеру нәтижесінде пайдаланушылардың жеке деректерінің тарап кеткені расталған жоқ. Қазіргі уақытта қайта таралып жатқан ақпарат ескі материалдарға негізделген және шындыққа сәйкес келмейді», — делінген хабарламада.

Daryn.online білім платформасы азаматтарды ресми парақшаларында жарияланған ақпаратқа ғана сенуге шақырады.

Оқу үшін