Астанада LRT жолындағы өрт сөндірілді

Скрин видеодан
Астананың Есіл ауданындағы Сығанақ көшесінде LRT желісіндегі электр кабельдері өртеніп, оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жұмылдырылды, деп хабарлайды NoFake.kz.
ТЖМ мәліметінше, өрт LRT жолдарындағы электр кабельдерінде шыққан. LRT мамандары алдымен электр желісін кернеуден ажыратқаннан кейін құтқарушылар өртті сөндіруге кіріскен.
Өрт 1 метрге жуық аумақта тіркеліп, ТЖМ қызметкерлері оны Vario Carbon автономды ранцтық өрт сөндіргішінің көмегімен жедел сөндірді. Ведомствоның мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себептері анықталып жатыр.


