NoFake

Астанадағы LRT жүйесіне ресми түрде «Tarlan Astana» атауы берілді

Фото: Gov.kz

Құжатқа Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қол қойған, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 5-бабына және 2026 жылғы 12 маусымдағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі LRT жүйесіне «Tarlan Astana» атауын беру туралы қаулы қабылдады»,-делінген құжатта.

Қаулыға сәйкес:

Астана қаласының жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесіне ресми түрде «Tarlan Astana» атауы берілді;

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды;

Қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Байкенге жүктелді.

Айта кетейік, Астанадағы LRT жобасы 2011 жылы басталғанымен, қаржыландыру мәселелері мен жемқорлық дауына байланысты бірнеше рет тоқтап қалды. Құрылыс 2023 жылы қайта жанданып, алғашқы желі 2026 жылғы 17 мамырда жолаушылар үшін ресми түрде іске қосылды. Ұзындығы 22,4 шақырым болатын бағыт халықаралық әуежай мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалын байланыстырады және 18 станциядан тұрады.

Оқу үшін