Ракқа жылан сорпасы ем бе: денсаулыққа қатысты мифтер

Коллаж: Nofake.kz
Психо-емші, жылан сорпасы, дем салу, тамыр ұстау, сүлік қою. Nofake.kz денсаулыққа қатысты мифтерді зерттеп көрді.
Бүгінде медицина дамыған, тіпті жасанды интеллект диагноз қойып жатқан заманда өмір сүріп отырмыз. Бірақ біз әлі де тамыр ұстайтын тәуіпке, «қатерлі ісікке жылан сорпасын іш» дейтін емшілерге және онлайн дем салатындарға сенеміз. Адам неліктен химиялық терапиядан бас тартып, тәуіптің сөзіне сенеді? Ағзаны шлактан тазарту немесе «арамы қанды» шығару деген медициналық шындық па, әлде маркетинг пе?
Медицина мен бақсылықтың, ғылым мен сенімнің аражігін ажырату үшін студиямызға білікті дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Ерік Әбенұлы Байжүнісовті шақырып, сұхбаттастық.


